31 канал рассказал об Учебно-тренировочном центре для подготовки водолазов

 Ақтауда әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлерін даярлайтын алғашқы оқу-жаттығу кешені салынды. Жоба авторларының айтуынша, кешеннің елімізде баламасы жоқ және бұл Қазақстанның инженерлік әлеуетін, қорғаныс күшін көтеру үшін бой көтерген. Бұдан былай әуе, теңіз әскерилері шетелге шықпай-ақ су жаңа кешенде біліктілігін арттыра алады. 

Бұл оқыту кешенінде мамандарды суда еркін жүзуге және қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Сондай-ақ, сүңгуірлер оқу барысында толықтай физикалық және психикалық дайындықтан өтеді. Бір жыл ішінде тұрғызылған бұл кешеннің ауданы 10 гектарды алып жатыр. Елімізде теңдесі жоқ жобаға мемлекеттік бюджеттен 2 миллиард 2 миллион теңге қаражат бөлінген. 

ДМИТРИЙ ДОНСКИХ, «Кеме жабдықтары және сервис» компаниясының бас директоры:

– Бізге бұл жоба үлкен тәжірибе болды. Сүңгуірлер тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде сұранысқа ие мамандық. Ал біздің елде осы мамандық бойынша оқытатын және тәжірибе көтеретін орталықтар жоқ. Сондықтан бұл сүңгуірлерді толықтай дайындай алатын кешен болмақ.

Мамандардың айтуынша, құрылыс барысында қолданылған негізгі материалдар - отандық өнім. Ал сорғы секілді техникалар шет елдерден сатып алынған. Кешен екі бөліктен тұрады. Біріншісінде сүңгуірлерге практикалық оқу өткізілсе, екіншісінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Сондай-ақ мұнда оқытылатын әр маман адамдарды қиын жағдайдан құтқару дағдыларын да үйренеді. 

ТӨЛЕГЕН ЖӘРДЕМ, Жобаның бас инженері:

– Толқынға қарсы жүзуді практикалайды. Және судың астында сүңгуірлерге әртүрлі жаттығу жасауға арналған әртүрлі құрылғылар бар.  Десанттық секірулерден бастап ішінде скаладром бар, вертолеттан секіру жаттығулары бар, линометты атып, спасательный жұмыстар жасауға болады. 

Енді бұл кешенде төтеншеліктер мен теңіз, әуе әскерилері жаттықпақ. Мұнда әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілерін даярлауға барлық жағдай жасалған. Осылайша елдегі мамандар шетелге шықпай-ақ, Ақтаудағы оқу-жаттығу кешенінде біліктілігін арттыра алады. 

 

 

 

 

0